Маңғыстау облысында жүк көлігі өртенді

Маңғыстау облысында жүк көлігі өртенді
Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында облыстық маңызы бар "Жаңаөзен – Жетібай" автожолының учаскесінде жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, машинада мұнай тиелген.

"Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы