Түркістан облысында тыйым салынған видеоны таратты деген тұрғын ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде радикалды уағызшылардың видеоларын таратты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандар ол таратқан материалдар терроризм идеологиясын насихаттайтынын анықтаған. Сондықтан күдіктінің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Онда діни бағыттағы 300-ге тарта кітапты, ноутбук және басқа да заттар тәркіленді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Қуанышбай Жұмаділдаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!