Уимблдон: Александр Бублик әлемнің 13-ракеткасынан ойсырай жеңілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2024 турнирінің төртінші кезеңіне өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның турнирдегі ойынын үшінші раундта әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Пол тоқтатты.

Матч 1 сағат 26 минутқа созылып, қазақстандық теннисші қарсыласынан кездесу 3:0 (6:3, 6:4, 6:2) есебімен ұтылды.

Бублик матч кезінде 15 эйс жасап, екі рет допты ойынға бере алмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!