Қайрат Нұртаспен төбелескен адам да қамауға алынды

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен төбелескен адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот төбелеске екінші қатысушыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

"2024 жылдың 4 маусымда Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші А.-мен жанжал шығарып, артынан төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған", - делінген хабарламада.

Сотта Б., өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз