Алматыдағы "Нұрлы тауда" өрт шықты

Оқиға куәгерлері "Нұрлы тау" бизнес орталығының маңында түтін шыққанын байқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде "Нұрлы тау" бизнес орталығының мұнараларының бірінде тұрған өрт сөндіру көліктерінің видеосы тарады. Сонымен қатар терезелердің бірінде түтін шығып жатыр.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті сағат 17:55-те өрт сөндірушілер әл-Фараби даңғылы 7, 5а ғимаратында орналасқан "Нұрлы тау" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіріп жатқанын хабарлады. Өрт 32 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде шыққан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!