Алматыда Жансүгіров көшесінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

6 шілде сағат 22:00-ден 7 шілде сағат 10:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Ақпаев көшесімен қиылысында көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, уақытша шектеулер осы көше бөлігіндегі жол астынан тартылған су құбырын жоспарлы қайта құруға байланысты.

"Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өзгерістерді ескерулеріңізді өтінеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама үшін телефон: 8 (727) 274-66-66 - Орталық диспетчерлік қызмет", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!