Әртістік жүзуден әлем кубогы: Қазақстан кезекті жүлдеге қол жеткізді

Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт  қаласында өтіп жатқан әлем кубогының финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған. 

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Айта кетелік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубок кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!