Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда жөндеуге байланысты Масанчи көшесіндегі аумақ екі күнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Масанчи көшесіндегі аумақққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

6 шілде сағат 23:00-ден 8 шілде таңғы 6.00-ге дейін Төле би көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Құрманғазы, Шевченко, Жамбыл, Қарасай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 7 шілде күні таңғы сағат 06:00-ден бастап ашылады.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз