Алматы облысында азаматтарды 20 миллион теңгеге алдаған күдікті қолға түсті

Алматы облысының полициясы WhatsApp арқылы азаматтарды 20 миллион теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарасай ауданының тұрғыны WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, жасалған салымды екі еселеуге жалған уәде берген. Алаяқ WhatsApp арқылы топ құрып, аңғал азаматтарды сендірген. Банк картасының деректемелерін жібере отырып, әйел құрбандарына біраз күннен кейін табыс келеді деп уәде берген. 

"Өкінішке қарай, азаматтардың арасында алаяқтың айла-амалдарына көніп, оның талаптарын орындап, қаражатты бірден аударғандар болды. Қысқа уақыт ішінде миллион теңгеден астам табыс алып, алаяқ материалдық пайда көру мақсатында, әрі қарай адамдарды алдауды жалғастырған", - деп хабарлады Қарасай аудандық полициясы.

Алаяқтың қолынан төрт жергілікті тұрғын зардап шекті. Залал сомасы шамамен 20 миллион теңге болады.

Тергеу кезінде әйелге қатысты "келу туралы міндеттеме" түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!