6 шілдеде елордада арнайы автобустар жүреді

Ертең Астанада дрондар шоуының ұйымдастырылуына байланысты арнайы автоустар жүретін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

6 шілде - Астана күніне орай кешкі сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін сағат 22:15-те (22:30) ASPAN дрондар шоуы ұйымдастыралады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі: Ұлы дала даңғылы - Түркістан - Тұрар Рысқұлов - Ақмешіт көшелері.

Астаналықтар шектеуді ескеріп, сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс.

Қала көшелерінде кептеліс болмау үшін көлікті пайдаланбаған жөн. Осыған байланысты елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындады.
Жүргізушілер оған көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге арнайы автобустарпен (Shuttle Bus) бара алады.

Іс-шара аяқталғаннан кейін автобустар тұрғындарды автотұраққа жеткізіп тастайды.

Арнайы автобустар жүретін жерлер:

• Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65),
• "Барыс Арена" тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Еске салайық, ертең Астанада дрондар шоуы өтетіні хабарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!