Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды

Танымал әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайрат Нұртасқа (шын есімі - Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды. 

"Қаулы етемін: тараптардың татуласуы туралы келісім бекітілсін. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша іс қысқартылсын. тараптардың татуласуына байланысты.

Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын", - деді судья.

Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-де есептелетінін айтты. Әнші жазасын Шымкент қалалық ІІД әкімшілік тәртіппен қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы абақтыда өтейтін болады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым жасай алады.

Әнші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске салайық, әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жыққаны белгілі болды. 

Материалдар қарау үшін сотқа жолданды. Әнші ұсталды.

"Бәрі тойдан басталды": Қайрат Нұртасқа қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Әнші жәбірленуші екенін мәлімдеген еді. 

"Мен жәбірленушімін. Бірнші мен ұрған жоқпын. Бірінші мені ұрды", - деді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!