Педофилдерге химиялық кастрация жасауға бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

Биыл Қостанай облысында сот шешімімен 11 адамға химиялық кастрация жасалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tobolinfo.kz басылымына сілтеме жасап. 

Бұл адамдардың барлығы кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған.

Әрбір қылмыскерді кастрациялау құны 130-135 мың теңге тұрады. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеріс және жылына 24 инъекция салу кіреді.

Бұл қызметті көрсетуге мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық өңірлік емханасы жеңіп алған. Шарттар орындалып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!