7 жасар бала 10 жастағы қыздың үстінен полицияға "арыз берген"

Қарағанды облысының жеті жасар тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Бала велосипеді ұрланғанын айтып, көлігін тауып беруді өтінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер баланың өтінішін қарастырып, арнайы көлікпен аулаларды аралап жүріп велосипед іздеген.

Іздеу кезінде басқа бала жәбірленушіден велосипедін айдап келуді сұрағаны белгілі болды. Осылайша ол велосипедін берген. Аулада біраз айналып жүргеннен кейін 10 жастағы қыз белгісіз бағытқа қарай велосипедті айдап кеткен. Иесі артынан қуып жете алмаған. Содан кейін ол полицияға жүгінген.

"Біраз уақыттан кейін велосипед табылды. Оны алып кеткен 10 жастағы қыз болып шықты. Велосипед іздестіріліп жатқанда, полиция баланың ата-анасын шақырды. Олар ұлын да, велосипедті де қайтарды. Ал велосипедті алып кеткен қыздың ата-анасымен полиция әңгімелесті", - деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!