Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты жел соғады, бұршақ та жауады. Ауа райына Новосибирск аумағынан енген циклон әсер етеді. Сондықтан елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

"Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі температура +20+28 градус, оңтүстік-шығысында +25+33 градус болады, бірақ елдің батысы мен оңтүстігінде +33+40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!