Жетісу облысында 25 миллион теңге жымқырған ер адам ұсталды

Полицейлер жиырма бес миллион теңгеден аса ақша жымқырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы ПД-ға сілтеме жасап. 

"20 сәуірде Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамының өкілінен өтініш түсті. Ол сол қоғам директорының орналасқан жерін анықтауды сұрап, кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткені туралы хабарлаған", – деп атап өтті Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.

Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру барысында жиырма бес миллион теңгеден астам ақшаның жетіспегені анықталды.

"Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Ұсталған күдікті жауап алу барысында ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірген", – деп толықтырды А. Мақашев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!