Ертең елордада дрондар шоуы ұйымдастырылады

Ертең Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Одан кейін дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады. Іс-шара шамамен сағат 22:15 немесе 22:30-ға жоспарланып отыр.

Шоуда 1250 дрон ұшырылады, оның 70-і - пиротехникалық дрон. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары қойылады.

Шоу демеушілердің қаржысы есебінен өтеді.

Астана күні қалай тойланады?

Айта кетейік, Елорда күні 1998 жылы Қазақстанның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру құрметіне белгіленген. Астана күнін тойлау кезінде бүкіл қалада концерттер, көрмелер, фестивальдар мен спорттық жарыстар өтеді. 

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!