Жұртты 167 миллион теңгеге алдаған күдікті Армениядан экстрадицияланды

Армениядан қаржы пирамидасын басқарған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады.

2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, осылайша жалпы сомасы 167 миллион теңгеден аса сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын сотталған, ал бүгін ұсталған күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды. Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан  12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!