БҚО-да сейф ұрлап бара жатқан жігіт видеоға түсіп қалды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер сейф ұрламақшы болған жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Маусымның 28-нен 29-на қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу еніп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен. Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған.  

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ұрланған сейф тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!