Астана мен Алматыда террористік қауіптің "сары" деңгейі алынды

Еліміздің бірқатар қаласында террористік қауіптің "сары" деңгейі алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Қытай төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілде сағат 23.59-да Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 жарлығымен бекітілген "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілде сағат 23.59-да террористік қауіптің бірқалыпты ("сары") деңгейі алып тасталды.

Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар қалада террористік қауіптің сары деңгейі белгіленгені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!