БҚО-да жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді: іс сотқа жіберілді

Батыс Қазақстан облысында қз анасын өлтірді деген күдіккке ілінген жасөспірімге қатысты сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Қылмыс 18 қазанда Шыңғырлау ауданында болған. 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Бұл іс бойынша тергеу сегіз айға созылды. Іс шілдеде ғана сотқа жолданды. Оны қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелетке толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды.

Басты сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!