"Таяқ жеп қалатыным бар!" Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жастық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса бала кезінен өжет болып өскенін айтады. 

"2005 жыл, Шымкент қаласы!
Мен жалпы өжет болып өстім. Өзіме керекті нәрсені білетінмін. 2 курстан бастап, театрда жұмыс істедім. Ойбай студент театр қайда деседе бұйырған бақ болды.
Парижге барып, есімнен танғанмын. Себебі көп нәрсе білгім келген. Қайтқым келмей, ешкімге білдірмей жылағанмын. 
Көп жерде тік сөйлеп, жексұрын болатын кезім. Тек сөйлейтінім, сезгіштігім түбіме жететін шығар. Дариға аңқау деп ойлайды. Ақ көңілділігіммен шатастырады. Мені алдау мүмкін емес! Кеудем қысып, көп нәрсені біліп қоямын.
Менің бір әдетім бар - қырсық адамдарға еш уақытта жоламайтын және жолатпайтын. Оны да сезіп қоям, айнала қашам. 
Адамдарға құшағымды айқара ашып, таяқ жеп қалатыным бар!" - деп жазды ол.

 Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыдан Бурабайға қалай баруға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!