Қайрат Әділгерей өзіне қатты ұқсайтын жігітпен кездесті

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қайрат Әділгерейден аумайтын жігіттің видеосы тарады. Көп ұзамай отандық әзілкеш ол жігітпен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер Қайрат Әділгерей өзіне ұқсас жігітпен түскен фотосын инстаграм-парақшасында жариялады.

"Әлеуметтік желіде маған ұқсайды деген Азамат Ақтаудағы Rixos-та жұмыс істейді екен", - деп жазды актер.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Қайрат Әділгерейге ұқсайтын жігіттің видеосы тарап кеткен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!