"Олжас Еспановтың сотқа шақыруын күтемін". Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы тағы не бүлдірді?

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы жас қыздарға интимді хаттар жазғаны үшін жұмыстан қуылған еді. Оны "ұстап беруге" қатысқан университет оқытушысы Олжас Еспановтың сотқа шақыруын әлі күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүлейман Демирел Университеті, құқық кафедрасының аға оқытушысы, LLM Халықаралық құқық магистрі Айгерім Құсайынқызы Жанерке Сейфуллинаның YouTube арнасында үндеу жасады. 

"СДУ студенттеріне дикпик жібергені үшін Олжас Еспановты университет жұмыстан шығарды. Олжасты ұстап берген азаматтардың бірі біз болдық. Тиктоктағы қыздар маған жекеме жазды, міне Олжас маған дикпик жіберіп жатыр, не істесем болады деп. Олжас мені сотқа берем деп қорқытты. Олжас, сені әлі күтіп отырмын, неге сотқа бермедің мені?", - деді Айгерім Құсайынқызы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз