Танымал жұптың махаббаты пиар-роман болған ба?

Егор Крид пен Валя Карнавалдың қарым-қатынасы туралы шындық белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік әнші Егор Кридтің экс-сүйіктісі Валя Карнавал YouTube желісінде Надежда Стрелецке берген сұқбатында көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Әлеуметтік желі қолданушылары Егор Крид пен Валя Карнавалдың махаббатын пиар-роман деп айыптайтынын, бірақ шын мәнінде олай емес екенін айтты. 

"Біз бір-бірімізге түсірілім алаңында бір көргеннен ғашық болдық. Сезімдеріміз екі жақты болды. Біздің қарым-қатынасымыз бомба болатынын да алдын ала білдік", - деді Валя Карнавал берген сұқбатында. 

Алайда бұл қарым-қатынасты табыс тауып, атақты болу үшін қолданбағанын айтты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!