"Қызметтік романға" тыйым салынады, заңға бағынбаған еркек жұмыстан қуылады

New Vision форумына қатысқан әйелдер "қызметтік романға" тыйым салыну керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дина Төлепберген YouTube арнасына New Vision форумында әйелдермен болған отырыстың видеосын жариялады. "SHE стилінде басқару" отырысында спикер болған Citix CEO маманы Яна Шойбекова жұмыстағы "служебный романға" қатысты күтпеген пікір білдірді. 

"Қызметтік романға тыйым салу керек. Себебі ерте ме, кеш пе бұл қарым-қатынас аяқталады. Одан кейін біреуді жұмыстан шығаруға тура келеді. Кеше ғана коммерциялық директормен осы тақырыпты талқылап едік. Екі адамның негатив энергиямен жүргені жұмыста шиеленіс туғызады, сондықтан біреуін жұмыстан шығару керек", - деді Яна Шойбекова. 

Әйелдер басқаратын компанияда көбінесе жұмыстан қуылатын ер адам болатынын да жасырмады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!