Экс-депутат: Еркек болғанда басшылық қызметке үш жыл бұрын келер едім...

"Агромашхолдинг" АҚ Президенті, "Қостанай трактор зауыты" ЖШС директоры Динара Шукижанова әйел болғаны үшін қандай қиындық көргенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дина Төлепберген YouTube арнасына New Vision форумында әйелдермен болған отырыстың видеосын жариялады. "Агромашхолдинг" АҚ Президенті, "Қостанай трактор зауыты" ЖШС директоры бұл деңгейге жету үшін қандай жолдан өткенін баяндады. 

"Менің қызмет ететін салам - машина жасау саласы. 12 жыл бұрын осы салаға келгенде жалғыз әйел едім. Мен әріптесіме, басшыма «Егер мен еркек болғанда басшылық қызметке үш жыл бұрын келер едім» деп әлі күнге дейін айтамын. Мені қабылдай алмағандар, "әйелдің орны зауыт емес, техникалық-операциялық процестерді әйел басқара алмайды" дейтіндер көп болды", - деп ағынан жарылды Динара Шукижанова. 

Ол жай ғана әйел болғаны үшін түрлі қиындықтарға тап болғанын, бірақ қазір бұл салаға келетін қыздарға әлдеқайда оңай екенін жасырмады.

"Олар біз жүріп өткен жолмен жүрмейді, оларға сенімсіздікпен қарайтындар азайған, олар басшылық қызметке әлдеқайда жылдам көтеріле алады", - деді зауыт басшысы. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!