Әйелдерге айына үш күн ақылы демалыс беріледі

Әйелдерге денсаулық жағдайына байланысты ай сайын үш күн ақылы демалыс беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әйелдерге құқық, қауіпсіздік пен өзін-өзі бағалауды үйрететін медиа Batyr Jamal ақпарат жариялады. Медианың мәліметінше, 2023 жылдың ақпанында Испания Еуропада бірінші болып ақылы етеккір демалысын енгізген екен. 

Жұмыс істейтін әйелдер айына бір рет үш күндік демалыс ала алады. Сонымен қатар ауырсыну сезінетін болса, ақылы демалысты бес күнге дейін ұзарта алады.

Ал 2023 жылдың наурыз айында Париждің солтүстігіндегі Сен-Уэн-сюр-Сен қаласы Франциядағы қатты етеккір ауыруы (дисменорея) бар әйелдерге ақылы демалыс алуға рұқсат берген алғашқы муниципалитет ретінде танылды.

Өкінішке қарай, Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер үшін етеккір демалысы жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!