Неге байлар байып, кедейлер кедейлене береді? Журналист Дина Төлепберген жауап берді

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақын Абай "Адам бол мал тап, адал бол бай тап" дейді. "Бай тап" деген ауқатты адамның етегінен ұстау емес, естілердің қатарына қосылу. Жемісті жетістікке жету үшін де ортаның озат болуы маңызды. Қалталылар қарқындап, табысы төмендер тақырлану себебін көп зерттеп жүрмін", - деп жұртты қызықтырып қойды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Танымал тележүргізушінің New Vision форумына баруы да сондықтан екен.

"Ойланып көріңізші, неліктен байлар байып, кедейлер кедейлене береді? Біріншісі: өз ақшасын ақылмен басқаруды біледі, ал екіншісі бұл дағдыларды  мүлдем жоққа шығарады. Біріншісі: кәсіптегі кірістерді жинауға тырысады. Екіншісі: барлық алатын жалақысын "нөлге" жұмсайды. Біреулер сәтсіздіктерді сабақ деп алға ұмтылады, біреулер өткенге өкініп,өкінішпен өмір сүре береді", - деп қорытындылады ол жазбасын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз