"Қыздар, ақылсыз екенбіз!" "Меломен" тобы әншісінің бұрынғы әйелі оқырманына жауап берді

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақбергенге оқырманы арнайы хат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Міне, қызық! Оқырманымнан келген хатты бірге көрейік", - деген Нұрилла Ақберген өзіне ер адамнан жолдаған видеоны халықтың көзінше ашты. 

Оған "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзахановтың әлеуметтік желіде тікелей эфирде айтқандарын жолдапты. 

"Ақылсыз адам ғана қол көтерткізеді өзіне. Мен жігіттердің атынан осыны айта аламын", - дейді "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов. 

Нұрилла Ақберген: "Таяқ жеп жүрген қыздар, біз ақылсыз екенбіз", - деп сарказммен жауап берді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!