Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан Мәдениет және ақпарат министрін құттықтады

Түркияда демалып жатқан Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық продюсер, актриса Баян Мақсатқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрін туған күнімен құттықтады.

"Аида Галымовна, туған күніңізбен! Сізге зор денсаулық, бақыт, сәттілік, бар жақсыны тілеймін. Сізбен бірге біздің мәдениет пен өнер биікте болатынына сенемін", - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, Динара Сәтжан, Қарақат Әбілдина да Аида Балаеваның белгілеп, құттықтауларын әлеуметтік желіден жолдап жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!