Астананың аспанында да кептеліс. Тұрғындар неге наразы боп жатыр?

Астанада өтіп жатқан саммитке байланысты бірнеше көше жабылып, жол қозғалысы шектеліп еді. Бүгін Елорданың аспанында да кептеліс басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал актриса Жұлдыз Абдикаримова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Бүгін тек жерде емес, Астананың аспанында да кептеліс. Екі тікұшақ төбемізде тұрып алып, шыр көбелек айналып жүр, шіркін",- деп жазды ол.

Сонымен қатар актриса оқырмандарын кептеліске бола ашуға бой алдырмауға шақырды. Себебі саммитте болашақ экономика, құрылыс, ғарыш, қауіпсіздік бағыттары талқыланып жатқанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!