Алматының Бостандық және Әуезов аудандарында екі көше жабылады

Алматыда жылу желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстары кезінде бірнеше көшеде жүруге шектеу қойылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап.

Жоспарлы жылу желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстарының істелуіне байланысты Алматының бірнеше көшелерінде автокөліктердің қозғалысына шектеулер енгізіледі.

"Әуезов ауданында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 4 шілдедегі сағат 22:00-ден 5 шілдедегі сағат 12:00-ге дейін Сүлейменов көшесінің бойымен Тоқтабаев көшесінен Черепанов көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Солтүстік бағытта автокөлік қозғалысы үшін жол ашық болады", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Бостандық ауданында 2024 жылдың 5 шілдесі мен 15 қыркүйегі аралығында Ходжанов көшесінің бойында Алмагүл шағынауданындағы 15-ші үй ғимаратынан Жароков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

"Бұл уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көше аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру нысанын, 2 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете беріледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!