Біз неге доллардың алдында қатты үркеміз? - Беларусь президенті

ШЫҰ-ға мүше елдер долларға тәуелді болмауы керек. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы кешенді күн тәртібінің практикалық өзара іс-қимылын күшейтуі керек.

"Мен бұл жұмысты жұмысты қаржыдан бастауды ұсынамын. Беларусь басымдық беретін мәселе ретінде екіжақты төлем тетігін ұлттық валютада және ШЫҰ ұжымдық қаржы институтын құруды қарастырып жатыр. Біз бәріміз үлкен, ұлы екенімізді айтамыз. Иә, біз шынымен де ұлымыз. Себебі, бізде әлемдегі халықтың шамамен 40 пайызы тұрады, жаһандық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі тиесілі. Алайда бәріміз доллардың алдында дірілдейміз. Сондықтан осы долларға азырақ тәуелді болу үшін белгілі бір қадамдар жасайық", - деді Александр Лукашенко елордада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!