Алматыда кімдерге 95 миллион теңгеден аса қаржы қайтарылды?

Алматылықтардың жылуға төлеген 95 миллион теңгеден аса қаражаты қайтарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2023-2024 жылдар аралығындағы жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылумен жабдықтау қызметі құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады.

"Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi", - деп жазылған хабарламада.

Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотына жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде есептеледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз