Алматыда ер адам автобус аялдамасын қиратып тастады

Алматыда ер адам автобус аялдамасын қиратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Ер адам неге мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері Massaget.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Бостандық ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, бұзақының жеке басы анықталды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады", - делінген жауапта. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз