"Менде сен барсың, сенде мен бармын". Аша Матай мен Арман Қоңыр қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал әнші, актриса Аша Матай жеке сұлулық салонын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің өзі және оның жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

"Бүкіл әлем есінен танып қалса да,
Менде сен барсың, сенде мен бармын!" - деп жазған актриса.

Осы тұста Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі Аша Матайды қуанышымен құттықтаса, енді бірі актрисаның киім үлгісінің жараспайтынын айтып, шүйліккен.

"Костюм онша емес, бәрін құртып тұр", "Ең болмаса, осындай күні әдемі киінуге болады ғой, недегенімен танымал тұлға", "Аша, стилистің көмегіне жүгінші, ақша бар ғой", "Неге үлкен әйел сияқты киінеді? Онсыз да үлкен көрінеді", "Құттықтаймын", "Табысты кәсіп болсын", "Жұптарың жазылмасын, бақытты болыңдар", "Өте жарасымды жұп", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шарын шатқалы қашан пайда болған?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!