Тегін тамақ үшін талас. Оралда дәмхана ашылуының видеосы тарады

Оралда дәмхананың ашылуында тамақ үшін кезекті талас болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәмхананың ашылу салтанатына блогерлер келген және көп адам жиналған. Алайда әдеттегідей адамдар балалардың барына қарамастан, бір-бірін итеріп, тапаған.  

Желіде тараған видеодан "Zheka" лақап атымен танымал блогер  - Жеңіс Омаровтың адамдарға айқайлап жатырғанын байқауға болады.

"Тыңдаңдаршы. Тоқтаңдаршы. Артқа қарай. Қойыңдаршы деймін. Артқа қарай жылжыңдаршы. Мына жерде балаға қиын болып жатыр. Артқа тұршы. Қысылып жатыр",  - дейді видеода блогер.

Видеодан сахнада жылап тұрған кішкентай қызды да байқауға болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!