Шілдеде мерекеге орай демалыс күндері ауыстырыла ма?

Қазақстан тұрғындары 6 шілде, сенбі күнмен тұспа тұс келген Астана күніне орай демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың шілдесіндегі демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанынын мәлімдеді. Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн, яғни 6, 7 және 8 шілдеде демалады, өйткені биыл Елорда күні сенбіге түсіп тұр. Бұл жұмыс аптасын қысқартып, қазақстандықтарға қосымша демалуға мүмкіндік береді, демалыс 8 шілдеге ауысады.

Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8 шілде әдеттегі жұмыс күні болады.

Қазақстанда шілде айында Елорда күнінен басқа, кәсіби және басқа да мерекелер атап өтіледі. Бұл күндері осы салада қызмет ететіндер құттықталады, құрметтеледі.

2024 жылы шілдедегі кәсіби мерекелердің тізімі:

  • 2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні;
  • 7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) - Ұлттық домбыра күні;
  • 9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні;
  • 13 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
  • 14 шілде - нотариат күні;
  • 14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) - балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
  • 21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) - Металлург күні;
  • 28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) - сауда қызметкерлері күні.

Тағы да оқи отырыңыздар: Брекетті неше жастан бастап салады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!