"Титімдей өзі". Роза Рымбаеваның немересі жұртты сүйсінтті

Желіде Роза Рымбаеваның 1 жастағы немерісінің Қазақстан туын көрсеткен видеосы жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан бүлдіршіннің "Қазақстан қайда? Көрсетші" деген дауысқа барып еліміздің туын көрсеткенін көруге болады. 

Видео астына Әли Оқапов та пікір қалдырған. 

"Ботам патриот", - деп жазған ол.

Өнер иелерінің жаңа бейнесі жұртты сүйсіндірді. Олар жазбаға түрлі жылы пікір қалдырған. 

"Зейін деген Қазақстан үшін Роза Рымбаевадай аты үлкен әріппен жазылатын тұлғаның немересі болған соң, Әли мен Ақеркедей өте сауатты, ұлтжанды азаматтардың ұлы болған соң, басқаша болуы да мүмкін емес. Аман бол, балапан!", "Еее, әжесі қазақтың жарық жұлдызы Розамыз, әкесі мәдениетті Әли болса, бұл мұрын қазақтың керемет ұлы болары сөзсіз ғой, аман болсын мұрын", "Жаным, жүрек, балапан, ақылды өзі тфәй-тфәй тіл көзден аман болсын", "Көк туды желбірететін жігіт өсіп келе жатыр", "Титімдей өзі, кішкентай патриот", "Жаным, ақылыңнан айналайын", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Кальций тапшылығының белгілері қандай?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!