ШЫҰ халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды - Президент

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада ШЫҰ саммитінің ашылуында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біздің ұйым халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды және тұрақты өсу мен жалпы прогресті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жатыр. Саясат пен қауіпсіздік, экономика және мәдениет саласындағы жемісті өзара іс-қимыл бүкіл Еуразия континентінің даму векторын белгілейді. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде біз ШЫҰ-ны ең ықпалды және беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның төрағалығымен Астанада ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде өтіп жатыр.

Тоқаев саммитке қатысатын мемлекет басшыларын қарсы алды (видео)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!