Ақтауда 13 жастағы мүгедек қызды зорлаған педофил сотталды

Ақтауда 13 жастағы мүгедек қызды зорлаған педофил сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот 13 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған бес баланың әкесін 22 жылға бас бостандығынан айырды. 

Қылмыстық іс бойынша шешімді Ақтау қалалық №2 соты шығарды. Соттың баспасөз қызметі редакцияға атышулы іс бойынша ресми ақпарат бере алмағандықтан, Lada.kz редакциясы бейресми ақпарат көздеріне жүгінуге мәжбүр болды.

Сотталушыға шығарылған үкімі туралы EGOV.PRESS Telegram-арнасы хабарлады.

"Ақтауда бес баланың әкесі эпилепсия дертіне шалдыққан 13 жастағы қызды зорлады. Іс бойынша айғақ заттар жиналып, сараптама жүргізіліп, оның кінәсі толық дәлелденді. Сот педофилді 22 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұл жантүршігерлік оқиға зорлық-зомбылыққа қарсы NeMolchiKZ қорынан белгілі болды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, сот отырысында  бес баланың әкесі 13 жастағы эпилепсиямен ауыратын қызға қарсы бірнеше рет зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттерді жасаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!