"Әке-шешемнің ажырасқаны үшін ұялатынмын". Танымал актриса әкесімен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты

Актриса Зарина Кармен "Мамский әңгіме" Youtube-арнасына берген сұхбатында ата-анасы жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса балалық шағында ата-әженің тәрбиесінде өскенін айтты.

"Менің атам-әжем, анам барлығымыз бұрыннан бірге тұрдық. Бұрын әке-шешем ажырасқан деп айтуға ұялатынмын. Кейіннен "неге мен ұялуым керек, бұл менің проблемам емес, бұл менің тағдырым" деп қабылдадым. Оның үстіне мен ешқашан әкені аңсап, ер адамның назары жетіспей өскен бала емеспін. Себебі жанымда атам, көкелерім болды. Әрине, әкенің орны бөлек. Мен әкенің бала өміріндегі орнын қазір біліп жүрмін. Күйеуім қыздарына еміреніп қараған кезде "әкенің махаббаты осындай болады екен-ау" деп түсініп жатырмын. Мен өте керемет отбасыда өстім", - деді ол.

Актриса қазір әкесімен араласып тұратынын, бірақ бұл әке мен қызының арасындағы махаббат емес екенін айтты.

"Қазір арасында әкеммен де араласамын. Енді ол әрине, әке мен баланың арасындағы нәрсе емес. Біздің байланысымыз бұрын үзілгеннен кейін қазір біз не туралы әңгімелесетінімізді білмейміз. Әкем екенін ғана білемін. Ажырасу әкем мен шешемнің арасында болған нәрсе. Мен оны қабылдадым", - деді Зарина Кармен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз