"Миы шайқалған". Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

4-шағынаудан тұрғындарының айтуынша, оқиға №4 үйде болған. Тұрғындардың сөзінше, 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалған.

"Ол соққыға жығылып, миы шайқалған, бетінде көп жері көгерген. Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық емделуге жіберген", - деп жазылған мәліметте.

Бұл жағдайға қатысты полиция әзірге пікір білдірмеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда да осындай жағдай болды. Алайда кейін жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот тоқтады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!