"Мені ешкім жақсы көрмей ме?" Танымал актриса сырын айтты

Танымал актриса Зарина Кармен айналасынан махаббат ала алмағанын айтып, ағынан жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен өте тактильді отбасынан шыққанмын. Біздің үйде бәрі "жаным, күнім, айым" деп отыратын. Күйеуімнің отбасына келін боп түскенде "Мені ешкім жақсы көрмей ме?" деп ойлайтынмын. Екі түрлі отбасы, екі түрлі тәрбие. Сосын барып түсіндім бәрін", - деді Зарина Кармен "Мамский әңгіме" подкастына берген сұқбатында.

Сондай-ақ, танымал актриса тұрмысқа шыққан соң отбасында қандай түсінбеушілік болғанын айтып берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!