KeshYOU тобының Голливудта түсірген бейнебаяны қашан шығады?

KeshYOU тобы американдық рэпер Snoop Dogg-пен бірге Америкада түсірген әннің бейнебаяны қашан жарыққа шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KeshYOU тобының желіде талқыға түскен бейнебаянының премьерасы 26 шілде күні болады. KeshYOU тобының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында "Премьераға 23 күн қалды" жазбасымен бейнебаянның үзіндісі жарияланды. 

Бұл жолы оқырмандар "Кунә болатындай қатты ашық емес! Бастысы Баян ханымның, қыздарымыздың еңбегі адал ақталсын!", "Қыздар қайтадан хитке айналады" деген жақсы пікірлер көбейе түсіпті. Естеріңізде болса, бұған дейін қыздардың оюлы киімі сынға ұшыраған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!