"Әкемді шошытып алдым". Үлкен кісінің эмоциясы жұртты таңғалдырды

Желіде орта жастан асқан ер кісінің тосынсыйдан қатты қорыққан сәттегі видеосы таралып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызы әкесінің туған күніне тосынсый жасаймын деген оймен аюдың киімін киіп келгеніне әкесінің "ойбайлап" жауап беруі халықты күлкіге қарық қылды. 

Қызын көп уақыттан бері көрмеген әкесі оның туған күніне келгеніне қатты таңданған болса керек. 

Видеоның астына "Эмоциясы шынайы", "қызын қатты сағынғаннан шығар", "шошыды ма, қуанды ма, түсінбей қалдық қой" деп түрлі пікір жазылып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз