Әйелің рұқсат бермесе, кредит ала алмайсың. Қазақстанда жаңа заң қабылданды

Енді әйелің рұқсат бермесе, кредит ала алмайсың немесе керісінше күйеуің жоқ десе несие де жоқ. Билік ақыры жұбайлардың келісімінсіз адамға қарыз беруге тыйым салатын заңды қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңа заң бір-біріне білдірмей қарызға қаумаланып жүрген отбасы үшін оңтайлы көмек болады деп үміттенеміз. Бірақ ажырасу көбейіп кетуі мүмкін", - деп пікір білдірді бұл оқиғаға журналист Дина Төлепберген. 

Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!