Үндістанда діни жиын кезінде адамдар қайтыс болды: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.

"Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!