Си Цзиньпин арнайы өнер көрсеткені үшін Димаш Құдайбергеннің қолын алды

Ресми келіссөздер аяқталған соң Қытай басшысы Си Цзиньпин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жанына барып, алғыс білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми келіссөздері аяқталды. 

Ресми кездесу аяқталған соң мемлекет басшыларының алдында опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, сондай-ақ пианист Темірлан Бейсенбай өнер көрсетті.

Қытай басшысы қазақстандық музыканттарға жақындап, қол алысып, алғысын білдірді. Димаш пен Си Цзиньпиннің фотолары Хабар24 телеарнасының журналисі Әділ Балтабаевтың Telegram-каналында пайда болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз