Алматыда жедел жәрдем көлігі жазғы дәмхананы бұзып кірген

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, жазғы дәмхананы бұзып кірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Кадрларда көлік жазғы дәмханаға кіріп кеткенін көруге болады.

Полицейлер бұл оқиға бүгін сағат 16:10-да Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.

"Жедел жәрдем жүргізушісі Шашкин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Toyota және Hyundai маркалы көліктерімен соқтығысқан, сондай-ақ, жазғы дәмхананың қоршауына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!